Франция жақынға ұшақ рейсін шектейді

Франция Ұлттық Мәжілісі көлікпен 2.5 сағат жүретін жерге ұшақ рейсін шектеген жобаны мақұлдады.

1619879
Франция жақынға ұшақ рейсін шектейді

Франция Ұлттық Мәжілісі автожолмен 2.5 сағат жүретін ұзақтыққа ұшақ рейсін шектеген заң жобаны мақұлдады. 

Заң жобасының атқарылуы үшін Сенаттың да мақұлдауы керек.

Жоба арқылы елдегі көміртегі шығарындыларын 2030 жылға дейін 40 пайыз азайтуды, 90-жылдардағы өреге төмендетуді мақсат етуде. 

Мамандар аталмыш заң жобасының Франциядағы 100-ден астам ішкі желідегі рейстердің 5 пайызына ғана әсер жасайтынын, сол себепті нәтижесінің көміртегі шығарындыларына үлкен ықпал жасамайтынын білдіруде.    



Ұқсас жаңалықтар