Түркия мен Ұлыбритания арасында жаңа кезең басталады

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті елшісі жаңа және ауқымды Еркін сауда келісіміне қол қойылуы мүмкін екенін айтты.

1599781
Түркия мен Ұлыбритания арасында жаңа кезең басталады

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті елшісі Доминик Чилкот Түркия мен Ұлыбритания арасында жақын болашақта жаңа және ауқымды Еркін сауда келісіміне қол қойылуы мүмкін екенін айтты.

Түркия Палаталар және биржалар одағы (TOBB) тарапынан онлайн түрде «Түркия-Ұлыбритания Еркін сауда келісімі жиналысы» ұйымдастырды. Жиналысқа өкілетті елшімен бірге TOBB төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу,  Ұлыбританияның Түркиядағы елшілігінің сауда атташесі Дэвид Машин және министрлік өкілдері қатысты. Өкілетті елші: «Түркия –Ұлыбритания қатынастарында жаңа кезең басталады.  Ұлыбритания мен Түркияның сауда қатынастарының алдағы уақытта жаң өреге жететініне сенемін. Тіпті жақын болашақта жаңа және ауқымды сауда келісіміне де қол қойылуы мүмкін деп ойлаймын» деді.

Екі ел арасында қол қойылған Еркін сауда келісіміне тоқталған елші Чилкот келісімнің мықты, ауқымдырақ сауда серіктестігін қалыптастыруға көмектесетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар