"Көйжегиз апельсині" ерекше дәмді

"Көйжегиз апельсині" Түркиядағы апельсин өндірісінің 13 пайызын құрайды.

1598915
"Көйжегиз апельсині" ерекше дәмді

Мугланың Койжегиз ауданында өсетін дәмі мен иісі өзгеше "Көйжегиз апельсині" үшін географиялық белгі алу жұмыстары басталды.

Мугла уәлаят әкімшілігінде өткізілген жиналыста Мугла экономикасына маңызды есе қосқан "Көйжегиз апельсині" 41 мың 500 гектар егістікте 166 мың тонна өндіріліп, Түркиядағы апельсин өндірісінің 13 пайызын құрағаны хабарланды.

"Көйжегиз апельсині" иісі, дәмі, қабығының қалыңдығы, салмағы сияқты ерекшеліктері жағынан өзге апельсиндерден бөлек орынға ие.

"Көйжегиз апельсинінің" жаңа жоба арқылы марка құнын бекемдеп, Мугла экономикасына қосатын үлесін арттыру мақсат етілуде.  



Ұқсас жаңалықтар