Қаңтарда 110 миллион долларлық тері экспорт етілді

Тері және тері өнімдері секторында 69 миллион 859 мың доллармен Стамбұл алғашқы орынды иеледі.

1578942
Қаңтарда 110 миллион долларлық тері экспорт етілді

Тері және тері өнімдері секторында өткен ай 110 миллион 259 мың долларлық экспорт жасалды.

Түркия Экспортшылар мәжілісінің санды мәліметіне қарағанда тері кәсіпорнының экспортында 69 миллион 859 мың доллармен Стамбұл алғашқы орынды иеледі. Бұл тері және тері өнімдері секторының 63 пайызын иеледі.

Тері және тері өнімдері секторында ең көп экспорт жасалған ел Германия болды. Германияға өткен ай 10 миллион 330 мың долларлық экспорт жасалды.

Ресей 8 миллион 858 мың долларлық экспортпен екінші, Италия 5 миллион 487 мың долларлық экспортпен үшінші орынды иеледі.    



Ұқсас жаңалықтар