Еуроодақ Ресей мен Қытай вакцинасын алуы мүмкін

Еуропа Одағы Ресей мен Қытай вакциналары өлшемдеріне толған жағдайда, сатып алуы мүмкін.

1575343
Еуроодақ Ресей  мен Қытай вакцинасын алуы мүмкін

Еуропа Одағы лауазымдылары жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы Ресей мен Қытайда жетілдірілген вакциналардан сатып алатындарын хабарлады.

Еуропа Одағы комиссиясының мәлімдемешісі Stefan De Keersmaecker күнделікті баспасөз мәслихатында Ресей мен Қытай компаниялары жетілдірген вакциналар Еуроодақтың өлшемдерінен шықса, осы вакциналарды  сатып алудың мүмкін екенін айтты.

Мәлімдемеші өлшемдердің медициналық қажеттілікпен бірге бюджет, Еуроодақтағы өндіріс күші сияқты тақырыптар екенін білдірді. 

Мәлімдемеші: "Осы өлшемдерді қамдайтынын ойлаған компаниялар Еуропа Одағымен байланыс жасауына болады, осылайша нелер жасай алатынымызды ақылдасамыз" деді.

Орыс Sputnik V вакцинасын жетілдірген компания және зертханалар мен Еуропа Одағының дәріні бақылау ұйымы Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) арасында байланыстар жасалғанын айтқан мәлімдемеші бұл вакцинаның Еуроодақта қолдануын мақұлдау үшін Еуропа Дәрі агенттігіне әлі өтініш жасалмағанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар