Украиналықтар демалу үшін Түркияға ағылды

Марьяна Олескив мәлімдемесінде 2020 жылы украиналықтар Түркияны басты туризм мекеніне айналдырғанын айтты.

1561536
Украиналықтар демалу үшін Түркияға ағылды

Түркия жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індетінің әсеріне қарамай, 2020 жылы 10 айлық кезеңде 900 мыңнан астам украиналық туристі күтіп алды.

Украина Туризм дамыту агенттігінің төрайымы Марьяна Олескив мәлімдемесінде 2020 жылы украиналықтар Түркияны басты туризм мекеніне айналдырғанын айтты.

Жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індеті себепті үйде қалған адамдардың саяхат етуді сағынғанын айтқан Олескив:

"2021 жылы Түркияның қала сапарларына шақыру үшін үлкен орай жаратылды. Әсіресе Львов, Одесса, Киев сияқты ірі қалаларда тұратын украиналықтар үшін қала сапарлары үлкен нарық. Адамдар өз қалаларында тұрудан жалықты" деді.

Марьяна Олескив көптеген  достарының Стамбұлға келгенін айтып:

"Адамдар бюджет досы әуежолдарымен Еуропа қалаларына баратын, алайда қазір Еуропа Одағы есігін жапты. Бұл Түркия үшін тамаша орай. Каппадокия украиналықтар танымайтын аймақ еді, алайда 2020 жылы әлеуметтік желіден Каппадокияның суреттерін көрді және қызығулары артты.

Тамақ дәмімен БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген Газиантеп те тағамдары және аймақ рухымен украиналықтар үшін екінші мекен болуы мүмкін" деді.

Марьяна Олескив 2020 жылы соңында Түркияға келгенін және Ковид-19 сақтық шараларын бақылағанын жеткізіп:

"Түркияның жасаған сақтық шаралары мен бақылау өресі өте жоғары" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар