Немрут тауын 5 жылда 530 мың турист тамашалады

"Күннің тууы мен батуы әлемде ең тамаша көрінетін мекен" аталған Немрут тауына туристтер қызығуда.

1557815
Немрут тауын 5 жылда 530 мың турист тамашалады

БҰҰ Ғылым, білім және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлем Мәдениет мұралары тізіміне енген Адыяманның Кахта ауданындағы Немрут тауы 5 жылда 530 мың туристі күтіп алды.

Шығыс пен батыс өркениетінің тоғысқан түйініне орналасқан тарихи мазарлары, ірі мүсіндерімен бірге, 2 мың 150 метр биіктігімен "Күннің тууы мен батуы әлемде ең тамаша көрінетін мекен" аталған Немрут тауы жыл сайын мыңдаған туристерге үй иесі болып келеді.

Немрут тауы Коммагене патшалығына қарасты биіктігі 50 метр, көлемі 150 метр антикалық төбелерімен көптеген керемет мұраларға үй иесі болуда.

Немрут тауына шыққан туристер 40 минут жалғасатын 800 метрлік сапардан кейін күннің тууы мен батуының теңдесіз көріністерін тамашалайды.

Немрут тауы 2016 жылы мөлшермен 50 мың, 2017 жылы 100 мың, 2018 жылы 130 мың, 2019 жылы 200 мың 2020 жылы жаңа типті коронавирус індетінің көлеңкесінде 50 мың туристі күтіп алды. 



Ұқсас жаңалықтар