"Отандық электр жүйелі пойыздардың өндірісі басталды"

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу мәлімдеме жасады.

1540952
"Отандық электр жүйелі пойыздардың өндірісі басталды"

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Отандық электр жүйелі пойыздардың өндіріле басталғанын атап көрсетті.

Министр Караисмаилоғлу Түркия Теміржол көлігі өнеркәсібі акционерлік қоғамы Сакария аймақтық дирекциясына барған кезде жасаған мәлімдеме «Біз мақтан тұтқан тағы бір жоба - Отандық электр жүйелі пойыздардың өндірісі басталды. 2020 жылдың алғашқы жартысында прототиптері рельстерде болатын 2 дана жиынтықтың 2021 жылы жаппай өндірісін бастаймыз. Түркия Теміржол көлігі өнеркәсібі акционерлік қоғамы тарапынан 2021 жылы прототип өндірісі басталатын ең жақсы және қажетті жобалардың бірі - Қалалық жолаушылар пойыздарының өндірісі» деді.

Министр Караисмаилоғлу «225 шақырым/сағат жылдамдыққа ие жүрдек пойыз жобасының дизайн жұмыстары 2021 жылы жалғасатын болады» деді.

Қатынас және инфрақұрылым министрі Караисмаилоғлу сондай-ақ Түркиядан Қытайға баратын алғашқы экспорттық пойызға қатысты «Қазір пойызымыз Кайсериге жақындады. Ертеңнен бастап еліміз шекараларынан шығып, 12 күнге созылатын Қытай сапарын жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар