Анталияға екі аптада 80 мыңға жақын турист келді

Анталияға жылдың басынан 15 қарашаға дейін келген турист саны 3 миллион 356 мың 623-ке жетті.

1530175
Анталияға екі аптада 80 мыңға жақын турист келді

Әлем елдері жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күерсіп жатқан кезеңде денсаулықты және сенімді туризм қызметін ұсынған Анталия қарашаның алғышқы екі аптасында 79 мың 996 турист күтіп алды. 

Деңіз, құм, күн, керемет комплекстері, құм төбелері, тарихи құрылыстары мен мұражайлары арқылы өзге жерлерден ерекшеленген Анталия Ковид-19 індетіне қарамай туристердің бас тартпайтын мекеніне айналды

Туристер Мәдениет және Туризм министрлігінің жетекшілігінде басталған "Сенімді Туризм сертификат бағдарламасы" аясында жасалған сақтық шараларымен сенімді демалуда.

Қыс маусымына кірген осы кезеңде Анталияға Ресейден 56 мың 470 турист, Германиядан 4 мың 274 турист, Украинадан 4 мың 104 болып, жалпы 79 мың 996 турист келді.

Анталияға жылдың басынан 15 қарашаға дейін келген турист саны 3 миллион 356 мың 623-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар