Анталияға 3 миллион 356 мыңнан астам турист келді

Ресей Анталияға бір миллион 549 мың 48 турист жолдап, алғашқы орынды иеледі.

1529354
Анталияға 3 миллион 356 мыңнан астам турист келді

Анталияға биыл жыл басынан 15 қарашаға дейін сапарлай келген турист саны 3 миллион 356 мың 623 кісіге жетті.

Денсаулық сақтау және сенімді туризм қызметін ұсынуымен өнеге болған Анталия жыл сайын болғанындай биыл да туристердің қызыққан мекеніне айналды. 

Әлемнің жаңа типті коронавирус індетімен күресіп жатқан кезеңінде жыл басынан 15 қарашаға дейін Анталияға сапарлай келген турист саны 3 миллион 356 мың 623 кісіге көбейді.

Ресей бір миллион 549 мың 48 туристпен қалаға ең көп турист жолдаған ел болды.

Украина 554 мың 410 туристпен екінші орынды, Германия 339 мың 759 туристпен үшінші орынды иеледі.

Ұлыбританиядан 209 мың 649 қонақ, Польшадан 85 мың 929 турист, Беларусьтан 63 мың 28 турист Анталияға демалуға келді.   



Ұқсас жаңалықтар