Түрік фирмаларының Ливиядағы жұмыстары жалғасады

Пекджан "Ливияның қайтадан салынуында орын алатын фирмаларымыздың инвестицияларының жалғасы тұрғысынан өте маңызды осы үкімнің баянды болуын тілеймін" деді.

1510265
Түрік фирмаларының Ливиядағы жұмыстары жалғасады

Сауда министрі Рухсар Пекджан твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Ресми газеттің бүгінгі санында жарияланған Президент үкімі мен түрік мердігерлерінің Ливияда аяқталмай қалған жобаларының жалғасуын қамтамасыз ететін келісімнің 24 қыркүйектен бастап іске қосылғанын білдірді. 

Үкімнің маңыздылығына назар аударған Пекджан "Түрік фирмалыры Ливия органдарымен кездесу өткізе бастады. Кездесудің нәтижесінде тамамдалмаған жобаларға байланысты жұмыс процестерді аяқтата алады. Ливияның қайтадан салынуында орын алатын фирмаларымыздың инвестицияларының жалғасы тұрғысынан өте маңызды осы үкімнің баянды болуын тілеймін" деген сөздер қолданды.  

Түрік мердігерлік фирмалары тарапынан өзі міндетіне  алған көптеген жобалар  2011 жылғы оқиғалар салдарынан аяқталмай қалған еді. Түркия және Ливия делегациялары соңғы кезеңде мөлшермен  10  жылдан бері шеміш күткен мердігерлік жобалардың қайтадан іске қосылуына байланысты  жол картасы жайлы кездесулер өткізді. 

Делегациялар арасы кездесулерден кейін министрі Пекджан мен Ливия жоспарлау министрі Тахер Джехайми аталмыш жобалар үшін 2020 жылы 13 тамызда келісімге қол қойған болатын. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар