Түркияның анар экспорты артты

Ресейге жасалған экспорт осы жылдың 9 айында 78 пайыз артты.

1508132
Түркияның анар экспорты артты

Түркия  2019 жылы анар экспортынан 98 миллион доллар кіріс түсірді.
Эгей экспортшылар одағының санақтарына қарағанда осы жылдың қаңтар-қыркүйек мерзіміндегі  экспорт өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 37 пайыз артып,  43 миллион 456 мың доллардан 59 миллион 402 мың долларға көтерілді.  

Анар экспортында бірінші орынды 20 миллион 243 мың доллармен Ресей алды. Ресейге жасалған экспорт осы жылдың 9 айында 78 пайыз артты. 

Екінші орынды 12 миллион 771 мың доллармен Ирак иелесе, Германия 4 миллион 870 мың доллармен үшінші орынды иеледі. 

 



Ұқсас жаңалықтар