Абрамовичтің керемет яхтасы Бодрумға келді

Роман Абрамовичтің керемет яхтасы "Eclipse" Мугланың танымал туризм орталығы Бодрумға келді.

1487243
Абрамовичтің керемет яхтасы Бодрумға келді

Әлемге танымал орыс миллиардер және Ағылшын футбол командасы Chealsea-дің иесі Роман Абрамовичтің керемет яхтасы "Eclipse" Мугланың танымал туризм орталығы Бодрумға келіп тоқтады.

Бодрумдағы кемежайларға сыймағандықтан Ялыкавак қалашығындағы су айдынына тоқтаған 164 метр ұзындықтағы және 22 метр кеңдіктегі 6 қабатты яхтадан бөлінген жылдам қайықтардың қауіпсіздік үшін айналаны айланып жүзуі және кемежайға барып-келуі назар аударды.

Керемет яхта аймақта демалысқа келген шетелдік туристер мен азаматтарды қызықтырды.

Роман Абрамовичтің яхтада жоқ екені, жақында ауданға келіп, көгілдір сапарға шығатыны білдірілді.

Құны мөлшермен 340 миллион евро болған яхта тікұшақ қонатын алаң, малтау бассейні және жоғары өрелі бөлмелер, шағын сүңгуірлер және спорт салоны сияқты көптеген ерекшелікке ие.     



Ұқсас жаңалықтар