Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Түркия өткен мерзімде 126 елге  343 мың 561 тонна орман жаңғағы экспорттың қарымжысында 2 миллиард 312 миллион 45 мың доллар кіріс түсірді.

1484786
Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Әлем орман жаңғағы өнімдері және нарығының көбін иелеген Түркия 1 қыркүйек 2019 және 31 тамыз 2020 экспорт маусымында көп орман жаңғағын Италияға сатты.

Түркия өткен мерзімде 126 елге  343 мың 561 тонна орман жаңғағы экспорттың қарымжысында 2 миллиард 312 миллион 45 мың доллар кіріс түсірді.  

Орман жаңғағы экспортында алғашқы орынды Италия иелесе, бұл ел 2009-2010 маусымнан бастап, бірінші орынды иелеген Германияны да артқа тастады. 

Түркиядан Италияға 87 мың 992 тонна орман жаңғағы сатылып,  608 миллион 972 мың 498 доллар кіріс түсірді. Екінші орынды иелеген Германияға 81 мың 599 тонна орман жаңғағы экспортын жүзеге асырып, оның қарымжысында 512 миллион 869 мың 196 доллар кіріс түсірді. 

Ең көп орман жаңғағы экспорты жасалған үшінші ел 24 мың 608 тоннамен Франция болса, одан кейін ретімен Польша, Голландия, Швеция, Австрия, Канада, Қытай және Испания орын алуда.  



Ұқсас жаңалықтар