Давос форумы 2021 жылға кешікті

Дүниежүзілік Экономикалық форум жаңа типті коронавирус індеті себепті келер жылы жазға кешіктірілді.

1479719
Давос форумы 2021 жылға кешікті

Жыл сайын қаңтар айында өткізілетін Дүниежүзілік Экономикалық форум (WEF) (Давос форумы) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 2021 жылы жазға кешіктірілді.

1971 жылдан бері жыл сайын қаңтар айында Швейцарияның Давос қаласында ұйымдастырылатын Дүниежүзілік Экономикалық форум (WEF) (Давос форумы) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті келер жылы жазда өткізледі.

Дүниежүзілік Экономикалық форумының мәлімдемешісі Эдриан Монк жазбаша мәлімдемесінде шешімнің оңай жасалмағанын білдіріп:

"Мамандар жиналысты қаңтар айында сенімді түрде өткізе алмайтынымызды ұсыныс етті" деді.

Эдриан Монк Дүниежүзілік Экономикалық форумының 2021 жылдың басына кешіккенін білдірді, алайда уақытын айтпады. Монк сонымен бірге 25 қаңтарда маңызды жаһандық лидерлердің әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты көзқарастарын бөлісетін жоғары өредегі "Давос диалогі" атты бағдарламаның интернет арқылы өткізілетінін жеткізді.

Биыл 50-ші мәрте өткізілген Давос саммитіне жыл сайын 120-дан астам елден 3 мың іскер, саясатшы, ғалым және азаматтық ұйым өкілдері қатысады.  



Ұқсас жаңалықтар