Ресей Түркиямен бірігіп тікұшақ өндіргісі келеді

Ресей Түркиямен тікұшақ технологиялары және өндіріс саласында ынтымақтастық жасауға дайын екендерін білдірді.

1479412
Ресей Түркиямен бірігіп тікұшақ өндіргісі келеді

Ресей Түркиямен тікұшақ технологиялары және өндіріс саласында ынтымақтастық жасауға дайын екендерін білдірді. 

Ресей мемлекеттік өнеркәсіп фирмасы "Ростех"-ке қарасты Ресей тікұшақтарының бас директоры Андрей Богинский Мәскеуде ұйымдастырылған "Армия-2020" іс-шарасында Ресей мен Түркия арасында тікұшақ өндірісіне байланысты Анадолы хабар агенттігіне мәлімдеме жасады. 

Түркияға өрт сөндіру үшін үш дана Ka-32 тікұшақты тапсырып бергенін түсіндірген Богинский Ka-32 тікұшақтарының Түркиямен қатар Еуропаның бірқатар елдерінде де қолданылғанын білдірді. 

Түркия мен Ресей арасында технология және өндіріс саласында да ынтымақтастық жасауға болатынын айтқан Богинский "Түркиямен тікұшақ технологиялары және өндірісте ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Басты тақырып нарықтың жағдайы және өндірілетін өнімдердің болашағы." деді.  

Богинский өткен жылы президент Режеп Тайып Ердоғанмен Мәскеуде кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі фирмасы (TUSAŞ) тарапынан  өндірілген бөлшектердің Ресейде қолданылуыға болатынын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар