Үлкен жолаушы яхтасы Бодрумға келді

"Scheherazade" атты үлкен жолаушы яхтасы Мугланың Бодрум ауданы портына келіп тоқтады.

1474564
Үлкен жолаушы яхтасы Бодрумға келді

Әлемдегі санаулы яхталар арасындағы  "Scheherazade" атты үлкен яхта Мугланың Бодрум ауданына келді.

Бодрум су айдынына келген  Біріккен Корольдікке қарасты Джайман аралдары туын асқан 140 метр ұзындықтағы ірі яхта  Пашатарласы Бодрум жолаушы портына келіп тоқтады. 

Моторлы яхталардың ұзындығы жағынан әлемдегі 14-ші орында болған яхтада тікұшақ қонатын алаң, жүзу платформасы, массаж және сұлулық салоны, бассейн сияқты ерекше алаңдары бар.

Биыл жасалып болған ірі яхтаға жанармай құйылатыны білдірілді.   



Ұқсас жаңалықтар