Стамбұл әуежайы тазалығымен дараланды

Стамбұл әуежайы Халықаралық Әуежайлар Кеңесі берген "Әуежайлар Денсаулық сақтау сенімі" сертификатын алды.

1471830
Стамбұл әуежайы тазалығымен дараланды

Стамбұл әуежайы Халықаралық Әуежайлар Кеңесі (ACI) тарапынан 2020 жылы 24 шілдеде басталған "Әуежайлар Денсаулық сақтау сенімі" (Аккредиттеу) (EASA) бағдарламасы аясында берілген сертификатты алған "Әлемдегі тұңғыш" әуежай болды. 

Жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінен кейін жасалған сақтық шаралары арқылы Азаматтық авиация басқармасы тұңғыш рет берген "Әуежай Пандемия сертификатын" алған, артынан Еуропа Одағы Авиация қауіпсіздігі агенттігі (EASA) жариялаған "Ковид-19 Авиация Денсаулық қауіпсіздігі хаттамасына" қол қойған Стамбұл әуежайы тағы бір халықаралық сертификатты алып, жасаған шараларын дәлелдеді.

Халықаралық Әуежайлар Кеңесі (ACI) тарапынан берілген "Әуежайлар Денсаулық сақтау сенімі (Аккредиттеу)" сертификатын алған Стамбұл әуежайы әлемде осы сертификатты алған тұңғыш әуежай аталды.

Ковид-19 сақтық шараларын жиі жаңалаған Стамбұл әуежайы Халықаралық Әуежайлар Кеңесі (ACI) тарапынан берілген сертификат арқылы Түркия мен әлемдегі ең таза әуежайлар арасындағы орнын бекемдеді.



Ұқсас жаңалықтар