Сovid-19 жобаларына қолдау беріледі

Қытай Ұлттық Табиғи ғылымдар қоры мен Түркия Ғылыми және техникалық зерттеу ұйымы (TÜBİTAK) көптеген саладағы жобаны қаржымен қамдайды.

1462143
Сovid-19 жобаларына қолдау беріледі

Жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індетімен күресте жаһандық ынтымақтастықтың маңызы артуда.

Қытай Ұлттық Табиғи ғылымдар қоры мен Түркия Ғылыми және техникалық зерттеу ұйымы (TÜBİTAK) көптеген саладағы жобаны қаржымен қамдайды.

Табысты болған жобаларға 720 мың түрік лирасына дейін қолдау беріледі.

Ортақ жобалардың ұйымдастырылуы үшін 2 жылдық уақыт беріледі.

Қолдау берілетін жоба саласы төмендегідей:

-Коронавирусқа қарсы дәрілерді скинингтен өзкізу және дамыту,

-Коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу және дамыту, 

-Жануарлардан жұғатын вирустардың этиологиясы,

-Тез және тура диагноз қою техникалары,

-Халық денсаулығы әдістері, операциялық ғылымдар,

-Қоғамдық денсаулыққа араласудың әлеуметтік жолдары.

Түрік тобына 720 мың түрік лирасына дейін қолдау беріледі. 

Жобада дәрі және вакцина зерттеу мен дамыту жоба ұсыныстары басты орында болады. Жануарлардан жұғатын вирустардың тегі, вирусқа қарсы қорғаушы иммундық механизмдер басты тақырыптар арасына кіреді.

Сонымен бірге, тез және тура диагноз қою үшін жаңа техникаларға бағытталған жұмыстарға да қолдау беріледі.

Табысты болған жобаларға түрік тобы үшін Түркия Ғылыми және техникалық зерттеу ұйымы (TÜBİTAK) тарапынан 720 мың түрік лирасына дейін қаржылай қолдау беріледі. 

Өтініш беру уақыты 7 тамызға дейін жалғасады.     



Ұқсас жаңалықтар