Секторлық сенім индекстері көтерілді

Түркия статистика мекемесі шілде айына байланысты секторлық сенім индекстерін жариялады.

1462622
Секторлық сенім индекстері көтерілді

Қызмет секторы сенім индексі шілдеде өткен аймен салыстырғанда 20,2 пайыз, тікелей саудада 9,6 пайыз және құрылыс секторда 11,6 пайыз артқаны байқалды. 

Түркия статистика мекемесі шілде айына байланысты секторлық сенім индекстерін жариялады. 

Осыған қарағанда маусымдыққа байланысты факторларды есептелмегенде қызмет секторы индексі маусым айында 55,5 болса, бұл үлес осы айда  20,2 пайыз артып,  66,7-ге көтерілді.  

Маусымдыққа  байланысты факторларды есептелмегенде тікелей сауда сенім индексі шілде айында 9,6 пайыз артып 94,6 болды. 

Құрылыс секторы сенім иедексі өткен ай 78 болса, осы ай 11,6 пайыз артып  87-ге жетті.

Осы барыста Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде шілде айына байланысты сенім индексі санақтарын түсіндірді. 

Албайрак қызмет секторы сенім индексі шілдеде өткен аймен салыстырғанда 20,2 пайыз, тікелей саудада 9,6 пайыз және құрылыс секторда 11,6 пайыз артқанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар