АҚШ түрік фирмаларымен жалғасты жұмыс істейді

АҚШ Қорғаныс министрлігі  Ф-35 ұшақтарының кейбір бөлшектері үшін 2022 жылына дейін түрік фирмаларымен жалғасты жұмыс істейтінін жариялады.

1446952
АҚШ түрік фирмаларымен жалғасты жұмыс істейді

Түркия Америка және Еуропа фирмаларымен ортақ бір бағдарлама аясында өндірілген Ортақ Шабуыл ұшағы Ф-35 ұшақтарының Еуропа аймағы моторларын жөндеу және жаңалау орталығына айналғаны баршаға аян.

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі  Ф-35 ұшақтарының кейбір бөлшектері үшін 2022 жылына дейін түрік фирмаларымен жалғасты жұмыс істейтінін жариялады. 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіші Джессика Максвелл түрік фирмаларының Ф-35 ұшақтары үшін өндірілген 139 бөлшегінің өндіруінің 2022 жылына дейін жалғасатынын айтты. 

Максвелл"Өнеркәсіп ортақтығымыз келісім бойынша жалғасады.  Ф-35 бағдарламасы осы түйінде қымбат, жүйесі кемелді емес және қажетсіз келісімденден бас тартуға тырысты" деген сөздер қолданды. 

Түркия Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін тапсырып алғаннан кейін АҚШ өткен жылы шілде айында Түркияның  Ф-35 бағдарламасына ортақ болуды тоқтатқан болатын. 

Алайда АҚШ түрік фирмаларының белгілі бөлшектерді өндіруі үшін жасалған келісімді күшінен қалдырмаған және жаңа өндіруші тапқанға дейін түрік фирмаларының осы жылдың аяғына дейін бөлшектер өндіруді жалғастыруға рұқсат берген еді. 

Түрік фирмалары Ф-35 ұшақтары үшін мыңнан астам бөлшек өндіруде еді. 

 

 


Этикеттер: #шабуыл , #Ресей , #ұшақ , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар