Албайрак экономикалық жағдайдың оңала бастағанын айтты

Албайрак бірнеше айда жекеменшік банктердің қатысуымен экономикалық іс-шараларда мықты жақсару көрілгенін айтты.

1441851
Албайрак экономикалық жағдайдың оңала бастағанын айтты

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак соңғы бірнеше айда жекеменшік банктердің қатысуымен Түркияда экономикалық іс-шараларда мықты жақсару көріле бастағанын айтты.

Түркия Банктер одағының 63-ші Жалпы Кеңес жиналысы Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрактың қатысуымен Стамбұлда ұйымдастырылды.

Албайрак жиналыстағы сөзінде Түркияның әлемге әсер жасаған жаңа типті коронавирус (Сovid-19)  індетімен күресте жасаған сақтық шаралары арқылы қалыпты өмірге өтуге дайын, экономикалық жақтан аз ықпалға ұшыраған елдердің бірі болғанын атап айтты. 

Албайрак аталмыш дамуларда Түркиядағы экономикалық инфрақұрылымның және денсаулық сақтау жүйесінің мықты болуы,  індетті тосуға бағытталған күшті сақтық шаралары, елде толық карантин атқарылмауы және компаниялардың толық болмаса да, өндірісті және экспортты жалғастыруы, мамыр айынан бастап қалыпты өмірге өту процесіне бағытталған қадамдардың басылуы  қатарлы талпыныстардың әсерлі болғанын тілге тиек етті.

Берат Албайрак әсіресе соңғы бірнеше айда жекеменшік банктердің қатысуымен Түркияда экономикалық іс-шараларда мықты жақсару көріле бастағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар