Еуроодақ пен Жапония авиация саласында келісімге келді

Еуропа Одағы мен Жапония арасында авиация саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған келісімге қол қойылды.

1441058
Еуроодақ пен Жапония авиация саласында келісімге келді

Еуропа Одағы мен Жапония арасында авиация саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған келісімге қол қойылды.

Еуропа Одағы Комиссиясының қатынасқа жауапты мүшесі Адина Валеан Еуропа Одағы мен Жапония арасында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты күшейту келісіміне қол қойылғанын жариялады.

Еуропа авиация кәсіпорындарының коронавирус (Сovid-19) дағдарысының әсеріне ауыр дәрежеде ұшырағанын айтқан Валеан аталмыш келісім арқылы Еуроодақ авиация компанияларының Жапония нарқына кіруін жеңілдететініне назар аударды. 

Адина Валеан аталмыш келісім арқылы Еуропа Одағы мен Жапония авиация билігі арасында азаматтық қауіпсіздік және қоршаған ортаға үйлесім салаларындағы ынтымақтастықтың артатынын атап көрсетті.

Ұшақ және авиацияға байланысты өнімдердің саудасын жеңілдетуді мақсат еткен келісім аясында  авиация өнімдерінің сынағы мен бағалауын жеңілдетеді. Сонымен бірге Еуроодақ авиация өнімдерін Жапонияға экспорт ету рұқсатын алу уақытын қысқартады.



Ұқсас жаңалықтар