Бельгияда 10 ақысыз пойыз билеті беріледі

Бельгияда туризм және экономиканы жандандыру үшін барлық азаматтарға 31 шілдеден бастап, 10 ақысыз пойыз билеті беріледі.

1436635
Бельгияда 10 ақысыз пойыз билеті беріледі

Бельгияда туризм және экономиканы жандандыру үшін барлық азаматтарға 31 шілдеден бастап, 10 ақысыз пойыз билеті беріледі. 

Бельгия Қатынас министрі Франсуа Беллот федерал үкіметтің жаңа коронавирус індеті салдарынан жасаған шешім аясында 12 жасынан үлкен барлық азаматтарға 10 ақысыз пойыз билет берілетінін жариялады. 

Азаматтардың аталмыш билеттерді интернет арқылы ала алатынын түсіндірген Беллот билеттің 31 шілдеден бастап, қолданылуға болатынын білдірді. 

Бельгияның адам саны мөлшермен 11,5  миллион. Мемлекетте  ақысыз пойыз билетінен пайдалана алатын 10 миллионға тарта азамат бар. 

Аталмыш билеттер 31 желтоқсан күніне дейін күшіне ие. Ақысыз билеттер арқылы мемлекеттің індеттен ықпал көрген экономиканың жандандырылуы көзделуде. 

 



Ұқсас жаңалықтар