Түркия мен Үндістан экономикалық жақтан өсті

Түркия алғашқы ширекте 4.4 пайыз өсумен Үлкен-20 елдері арасында ең жоғарғы экономикалық өсуге қол жеткізген ел болып белгіленді.

1434282
Түркия мен Үндістан экономикалық жақтан өсті

Экономикалық Ынтымақтастық және Өркендеу ұйымы (OECD) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарамай ағымдағы жылдың алғашқы ширегінде Үлкен-20 елдері арасында тек қана Түркия мен Үндістанның экономикалық жақтан өсуге қол жеткізгенін хабарлады.

Экономикалық Ынтымақтастық және Өркендеу ұйымы (OECD) Үлкен-20 елдерінің алғашқы ширекке байланысты уақытша өсу санды мәліметтерін қамтыған рапортты жариялады.

Түркия алғашқы ширекте жылдық мөлшерде 4.4 пайыз өсумен Үлкен-20 елдері арасында ең жоғары экономикалық өсуді қолға келтірген ел болып белгіленді. Қытай 6.8 пайызмен ең көп шегініс көрсеткен ел болды.

Үндістан алғашқы ширекте 2019 жылдың соңғы ширегімен салыстырғанда 0.7 пайыз, Түркия 0.6 пайыз өсті. 

Рапортқа негізделгенде коронавирус  (Сovid-19) індетінің таралуын тосу үшін әлем көлемінде жасалған шаралар Үлкен-20 аймағында алғашқы ширекте 2019 жылдың соңғы ширегімен салыстырғанда 3.4 пайыз шегініске себеп болды. Бұл тіркеу жасалған 1998 жылдан бергі ең ауыр төмендеу ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар