Түркия медицина туризмінде 31 елге қақпасын ашады

Денсаулық сақтау министрлігі 20 мамырдан бастап 31 елден келетін науқастардың қабылданатынын білдірді.

1418480
Түркия медицина туризмінде 31 елге қақпасын ашады

Түркия медицина туризмінде 31 елге қақпасын ашады. 

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан коронавирус эпидемиясында қалыпты өмір арнасына түсу процесінде медицина туризмі шеңберінде 20 мамырдан бастап 31 елден келетін науқастардың қабылданатыны білдірілді. 

Осы елдер - Ирак,  Ливия, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Грекия, Украина, Ресей, Джибути, Алжир, Косово, Македония, Албания, Босния және Герцоговина, Румыния, Сербия, Болгария, Молдова, Сомали, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Пәкістан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы. 

Ортопедия және травматология,  хирургия,  балалар хирургиясы, урология,  көз аурулары,  кардиология,  қан-тамыр аурулары,  хирургиялық онкология,  гинекологиялық онкология хирургиясы, медициналық онкология, ми және нерв хирургиясы, гемотология, орган трансплантациясы және сүйек кемігі трансплантациясына байланысты салаларда науқас қабылданады. 

Қабылданатын науқастар Халықаралық Медициналық қызметтердің науқас бақылау жүйесіне тіркеледі және қажетті құжаттар мен мәліметтер осы ұйым тарапынан жарияланады. 

Бір науқаспен бірге ең көп екі кісінің елге еріп кіруіне рұқсат беріледі. Науқас пен қасындағылар саяхат,  трансфер және изолоция секілді тақырыптарда ережелерге бағынуы керек. 

Науқас және қасындағыларға әуежайында және шекара қақпасында ақылы Covid-19 сынамасы жасалады. 

Келместен бұрын мүмкіндік болса науқас пен қасындағылар келген елдерінен коронавирус сынамасының негатив нәтижесінің құжатын өзімен бірге ала келеді.



Ұқсас жаңалықтар