Түркияның иіс су экспорты артты

Түркияның осы жылдың алғашқы ширегінде жасаған иіс су экспорты 10,7 пайыздық артумен 17 миллион 210 мың 430 долларға көтерілді.

1416179
Түркияның иіс су экспорты артты

Түркияның осы жылдың алғашқы ширегінде жасаған иіс су экспортының көлемі өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 10,7 пайыздық артумен 17 миллион 210 мың 430 долларға көтерілді. 

Түркия статистика мекемесінің санақтарына қарағанда қаңтада 4 миллион 905 мың 591 доллар, ақпанда 6 миллион 913 мың 711 доллар және наурызда 5 миллион 391 мың 128 долларлық иіс су экспорты жасалды.  

Өткен жылдың алғашқы ширегінде 15 миллион 552 мың 89 доллар болған иіс су экспорты осы жылдың алғашқы ширегінде 0,7 пайыздық артумен 17 миллион 210 мың 430 долларға ұласты.

Осы кезеңде ең көп экспорт 2 миллион 765 мың 141 доллармен Америка Құрама Штаттарына жасалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар