Мұнай бағасы жыл ортасында артады

OPEC төрағасы Мұхаммед Аркаб мұнайдың баррель бағасының жылдың екінші жартысында 40 долларға көтерілуін күткендерін білдірді.

1406167
Мұнай бағасы жыл ортасында артады

Алжир Энергия министрі және Мұнай Экспорт етуші елдер одағы (OPEC) төрағасы Мұхаммед Аркаб мұнайдың баррель бағасының жылдың екінші жартысында 40 долларға көтерілуін күткендерін білдірді.

Мұхаммед Аркаб Алжир мемлекеттік телеарнасына жасаған мәлімдемесінде соңғы күндерде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті күрт төмендеген мұнай бағасының алдағы күндерде көтеріле бастауы күтілгенін айтты. 

Мұхаммед Аркаб OPEC-ке мүше елдердің өндірісті азайту шешімінің атқарылуымен мамыр мен маусым айларында мұнайдың баррель бағасының 40 доллар өресіне көтерілуі болжамын білдірді.

OPEC төрағасы Мұхаммед Аркаб  өткен аптадағы күрт төмендеуден кейін бірнеше күннен бері мұнай нарқының болымды бейне көрсете бастағанына меңзеді.

OPEC және OPEC сыртындағы мұнай өндіруші елдер10 сәуірде келісімге келіп, мұнай өндірісін азайтуға шешім қабылдаған. 

Шешімге сай OPEC сыртындағы мұнай өндіруші елдер күндік шикі мұнай өндіру мөлшерін 1 мамыр мен 30 маусым арасында 10 миллион баррельге, 1 шілде мен 31 желтоқсан арасында 8 миллион баррельге2021 жылы 1 қаңтар мен 2022 жылы 30 сәуір арасында күндік 6 миллион баррельге төмендетуге шешім қабылдаған болатын.  

Брент мұнайдың баррель бағасы халықаралық нарықта 21.7 доллардан сатылуда.



Ұқсас жаңалықтар