Түркияның автомобиль саудасы артты

Ағымдағы жылдың алғашқы ширегінде автомобиль сату мөлшері өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда Еуропада азайды, Түркияда артты.

1402014
Түркияның автомобиль саудасы артты

Ағымдағы жылдың алғашқы ширегінде автомобиль сату мөлшері өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда Еуропада азайды, Түркияда артты.

Әлемге әсерін тигізген коронавирус індетінің экономикаға болымсыз ықпалы алғашқы ширекте автомобиль саласында да байқалды.

Еуропа автомобиль нарқын бағаландыру рапортында Еуропа Одағы мен Еуропа Еркін сауда одағы елдері мен Ұлыбританияны қамтыған нарық жинағына қарағанда автомобиль нарқы алғышқы ширекте 2019 жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 26.3 пайыз азайған және 3 миллион 54 мың 703 дана болған. 

Коронавирустың әсеріне ауыр ұшыраған Италияда 35.5 пайыздық төмендеу болды. Франция 34.1 пайыз, Австрия 32.4 пайыз, Германия 20.3 пайыз, Испания мен Ұлыбритания 31 пайыз шегініс көрсетті.

Еуропаның ең көп автомобиль сатқан елі Германия  болды. Одан кейінгілер Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания.

Түркияның аталмыш кезеңдегі автомобиль саудасы 44.8 пайыз артып, 99 мың 630-ға жетті.  Сауданы арттырған үш елдің бірі Түркия өткен жылмен салыстырғанда ең көп сауда жасаған ел болды.

Еуропада автомобиль нарқы 2019 жылы наурызбен салыстырғанда 51.8 пайыз азайды.  Ең көп азайған ел 85.4 пайызбен Италия болды. Одан кейін 72.2 пайызбен Франция, 69.3 пайызбен Испания тіркелді.

Саудасын арттырған жалғыз ел 0.4 пайызбен Исландия болды.



Ұқсас жаңалықтар