Түркия мен Ресей IMF-тен жәрдем сұрамады

Томсен Түркия мен Ресейден басқа Орта және Шығыс Еуропадағы даму жолындағы 9 экономиканың көбі  IMF-тен шұғыл жәрдем сұрағанын хабарлады.

1387833
Түркия мен Ресей IMF-тен жәрдем сұрамады

Халықаралық Ақша Қоры (IMF)  Еуропа бөлімінің директоры Пол Томсен Түркия мен Ресейден басқа Орта және Шығыс Еуропадағы Еуропа Одағынан тыс даму жолындағы 9 экономиканың көбі  IMF-тің жылдам қаржы қолдауы аясында шұғыл жәрдем берілуін сұрағанын хабарлады.

Пол Томсен Еуропаның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) дағдарысы және IMF-тің араласуына байланысты бір мақала жариялады.

Коронавирустың (Сovid-19) Еуропаға ауыр соққы бергенін айтқан Томсен дағдарыстың қанша жалғасатыны белгілі болмағанымен, ауыр экономикалық әсер жарататыны айқын екенін жеткізді.

IMF-тің жәрдеміне мұқтаж қалған даму жолындағы елдерге тоқталған Томсен:

"Түркия мен Ресейден басқа Орта және Шығыс Еуропадағы Еуропа Одағына мүше емес даму жолындағы 9 экономиканың көбі  IMF-тің жылдам қаржы қолдауы аясында шұғыл жәрдем берілуін сұрады" деп көрсетті.

Пол Томсен коронавирус дағдарысы себеп болған қысымдарға қарсы IMF-тің мөлшермен 50 миллиард долларлық шұғыл жәрдем бағдарламасынан пайдалануды сұраған 70-тен астам мүше ел бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар