100 мың жаңа қызметкер қабылданады
Амазон коронавирус эпидемиясы себебімен онлайн саудаға сұраныс артқанын білдірді.

Американың алпауыт э-сауда компаниясы Амазон коронавирус эпидемиясы себебімен онлайн саудаға сұраныс артқанын, сондықтан Америка Құрама Штаттарында 100 мың қызметкер алатынын хабарлады.
Амазонның Әлемдегі операцияларға жауапты төраға орынбасары Дейв Кларк әлеуметтік желіден хабарлама жариялады. Ол коронавирус эпидемиясы себебімен электрондық саудаға сұраныс артқанын айтты.
Сондықтан жаңа қызметкерлер алу қажеттілігі туындағанын білдірді.
Аталмыш сұранысты қамдау үшін қойма орталықтары және тарату желісіне 100 мың жаңа қызметкер қабылданатынын хабарлады.
Сонымен бірге компания қызметкерлерінің жалақысын арттыру мақсатты 350 миллион долларлық инвестиция салынады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияның орман жаңғағы экспорты 572 миллион доллардан асты
Қаратеңіз Орман жаңғағы және өнімдері экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.