Түркия экономикасы өткен жылы 0,9 пайыз өсті

Түркия статистика мекемес таза ұлттық кіріс қорытындыларын жариялады.

1369144
Түркия экономикасы өткен жылы 0,9 пайыз өсті

Түркия экономикасы өткен жылы 0,9 пайыз өсті.

Түркия статистика мекемесі өткен жылға байланысты өндіріс әдістемелерімен есептелген таза ұлттық кіріс қорытындыларын жариялады.

Осы қорытынды бойынша Түркия экономикасы 2019 жылы 0,9 пайыз өсті және өткен жылдың соңғы ширегінде 6 пайыздық өсу болды.

Таза ұлттық кіріс 2019 жылы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайыз артып, 4 триллион 280 миллиард 381 миллион лира болды.

Экономисттер 2019 жылы Түркия экономикасының 0,6 пайыз өсуін және 2019 жылы төртінші ширекте таза ұлттық кірістің 5 артуын межелеген еді.



Ұқсас жаңалықтар