50 елге гүл экспорт етілді

14 ақпан Ғашықтар күніне арнап Голландия, Ұлыбритания, Германия, Румыния және Украинаны қамтыған 50 елге 60 миллион дана гүл жолданды.

1366217
50 елге гүл экспорт етілді

Әшекей өсімдіктері экспортында табысқа жеткен Түркиядағы гүл кәсібі саласы 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі үшін дайындалған алуан түсті арнайы өрнектелген гүл коллекциясын 50 елге сатып, 8 миллион доллар пайда табуды нысанаға алып отыр.

14 ақпан Ғашықтар күніне арнап Голландия, Ұлыбритания, Германия, Румыния және Украинаны қамтыған 50 елге 60 миллион дана гүл жолданды. 

Мереке күндеріне арналған гүлдерді өндіретін кәсіпорындар жаңа жыл мен Ғашықтар күні экспорттарынан кейін 8 наурыз Халықарлық Әйелдер мерекесі үшін дайындықтар жасап жатыр.

Ғашықтар күніне орай сұранысы көп болған қызыл қалампыр гүлі парниктерден жиналды. Олардың орнына күлгін, сары, ақ қалампыр гүлдері егілді. 

Түрліше талғам мен сұраныстарға арналған алуан түрлі  гүл шоқтары Түркияда өседі.

Төңіректің төрт бұрышындағы елдерден талаптар келген осы керемет гүлдер әсіресе әйелдерді қызықтырады.



Ұқсас жаңалықтар