Анталиядағы шетелдіктер саны артты

Анталияға қоныс тепкен шетел азаматтарының саны артты.

1357497
Анталиядағы шетелдіктер саны артты

Анталияда ықтиярхатпен қоныс тепкен шетел азаматтарының саны 94 мыңға жетті.

Анталия әкімі Мүнир Каралоғлу Қалалық миграция кеңесінің жиналысына қатысып, сөз сөйледі. Ол Анталияны «Түркияның әлемге ашылған терезесі» деп атап, былтыр қалаға шетелдік 22 миллион адамның демалу үшін келгенін білдірді.

Демалыстан басқа шетел азаматтары өмір сүргісі келетін қалалар қатарында Анталия келетінін атап көрсеткен әкім: «Анталияда ықтиярхатпен өмір сүретін шетелдіктер саны 94 мың. Анталия – Стамбулдан кейін екінші қала» деді.

Әкімнің айтуынша,  шетелдіктер арасында қалада ең көп орыстар тұрады.  Олардың саны 16 мың. Иран мен Қазақстаннан 9 мың,  Қырғыстаннан 6 мың адам өмір сүреді.

Шетел азаматтары білім алу,  медициналық қызмет немесе жұмыс істеу үшін де Анталияға келеді.  Қалада 6 мың 577 шетел азаматына жұмыс істеу рұқсаты берілген.

Әкімнің деректеріне қарағанда,  ең көп шетелдік Алания ауданында тұрады.  Аланияда 30 мың 632 шетел азаматы өмір сүреді.



Ұқсас жаңалықтар