Макрон "Байлардың президенті" деп сындалуда

Францияда президент Эммануэль Макронның экономикалық саясаттары байларға пайда әкелді.

1354054
Макрон "Байлардың президенті" деп сындалуда

Францияда президент Эммануэль Макронның экономикалық саясаттары байларға пайда әкелді.

Франция Экономикалық шарттар бақылау үйі (OFCE)  жариялаған рапортқа негізделгенде Эммануэль Макрон соңғы екі жылда атқарған экономикалық саясаттар кедей француздардың 5 пайызының жылдық кірісінің 240 еуро төмендеуіне себеп болды. Байлардың 5 пайызы да экономикалық саясаттардың арқасында жылдық кірістерін 2 мың 905 еуро арттырды. 

Рапортта 2017 жылы мамыр айында президенттік таққа шыққан Эммануэль Макронның саясаттарының жекеменшік кәсіпорындарға да пайда әкелгені білдірілді. 

Аталмыш саясаттардан ауыр зиян тартқандар жұмыссыздар мен зейнеткерлер болғаны дәріптелді. 

2018 жылы 17 қарашадан бері Макронның экономикалық саясатын протест еткен сары жейделілер Макронды "Байлардың президенті" деп сынға алып отыр.

Елде 2019 жылы 5 желтоқсаннан бері Макрон әкімшілігінің зейнеткерлік реформасына қарсы жұмыс тастады және ереуілдер ұйымдастырылуда.  



Ұқсас жаңалықтар