Түркияның қаңтар айы экспорты рекорд жаңартты

Түркияның қаңтар айы экспорты 6,1 пайыз артып, 14 миллиард 765 миллион долларға ұласты.

1352132
Түркияның қаңтар айы экспорты рекорд жаңартты

Түркияның қаңтар айы экспорты 6,1 пайыз артып, 14 миллиард 765 миллион долларға ұласты.

Қаңтар айы экспорт көрсеткіштері Хатайда ұйымдастырылған жиналыста жарияланды. Түркия Экспортшылар мәжілісі (TİM) төрағасы Исмаил Гүлле жиналыстағы баяндамасында қаңтар айы экспорт көрсеткіштері жайлы мағлұмат берді.

Гүлле 2020 жылдың дәл алғашқы айындағы сияқты айлық экспорт көрсеткіштерінің артып жалғасатын бір жыл болатынына назар аударды.

Гүлле «Қаңтар айында экспортымыз 6,1 пайыз артып, 14 миллиард 765 миллион доллар болды. 12 айлық экспортта болса 181,6 миллиард долларға қол жеткіздік» деді.

Гүлле экспорттағы рекорд өсудің ықпалымен экспорттың импортты қамдау мөлшерінің де қаңтар айында 76,8 пайыз сияқты бір мөлшерде жүзеге асырғанын білдірді.

Қаңтар айы экспорт көрсеткіштерін бағалаған Сауда министрі Рухсар Пекджан болса «Бұл Республика тарихының ең жоғарғы қаңтар айы экспорттық көрсеткіші» деді.



Ұқсас жаңалықтар