50 мың тегін ұшақ билетін береді

Жапония авиакомпаниясы шетелдік туристерге тегін 50 мың ұшақ билетін береді.

1330428
50 мың тегін ұшақ билетін береді

Жапония авиакомпаниясы 2020 жылы елге келген шетелдік туристерге тегін 50 мың ұшақ билетін береді.

Жапон ақпарат көздерінің хабарына қарағанда,  Жапония авиакомпаниясы 1 шілде-30 қыркүйек күндері арасында шетелдік туристерге Токиодағы Ханеде әуежайынан,  Осакадағы Итами және Кансаи әуежайларынан көтерілетін ішкі рейстерге тегін билет береді.

Жапония Туризм агенттігінің қолдауымен жүргізілетін осы акция 2020 Токио Олимпиадасы және Паралимпиада ойындарын тамашалау үшін елге баратын шетелдіктердің Жапонияның басқа да жерлерін аралап көруді ынталандыру мақсатты ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар