Эфиопия мен Алибаба келісімге келді

Эфиопияда электрондық сауда платформасы құрылады.

1312107
Эфиопия мен  Алибаба келісімге келді

Эфиопия үкіметі мен Қытайдың э-компаниясы Алибаба келісімге келді.

Келісімге сай Эфиопияда электрондық сауда платформасы құрылады.

Келісімге Алибабаның құрушысы Джек Ма мен Эифопия премьер-министрі Аби Ахмет қол қойды.

Джек Ма келісімнің Африканың Еуропа және Америка Құрама Штаттарымен жарысуы үшін бір бастау екенін айтты.

«Бүгін Африка сауданың жаһанданған жаңа моделіне қосылып отыр» деді ол.

Ма елдегі кәсіпкерлер үшін 100 миллион долларлық көмек беретінін білдірді.

Африкада Руандадан кейін Электронды Әлемдік сауда платформасы құрылатын екінші ел болатын Эфиопия жаңа платформа арқылы Қытай және басқа елдермен экспортын жеңілдетуді мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар