Туризм табысы артты

Түркия жылдың 9 айлық кезеңінде барлығы 41,6 миллион турист күтті.

1297955
Туризм табысы артты

Түркия жылдың 9 айлық кезеңінде барлығы 41,6 миллион турист күтті.  26,63 миллиард доллар туризм табысын түсірді.

Мәдениет және туризм министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  Түркия туризмде 2023 жылы үшін жоспарланған 75 миллион турист, 65 миллиард доллар туризм табысы мақсатына жылдам жақындауда.

Мәдениет және туризм министрлігі мен Түркия Статистика мекемесінің деректері Түркияға жылдың 9 айында барлығы 41 миллион 564 мың 536 турист келгенін көрсетті. Министрліктің деректеріне қарағанда,  Түркия алдынғы жылмен салыстырғанда турист санын 14,50 пайыз арттырды.

Түркия Статистика мекемесінің үшінші квартал деректеріне қарағанда,  елге 5 миллион 136 мың 324 шетелдік турист келді. Үшінші кварталда 14 миллиард туризм табысы түсіп, 9 айда барлығы 26 миллиард 634 миллион 764 мың доллар табыс келді.

Қыркүйек айында болса алдынғы жылдың осы айымен салыстырғанда шетелдік турист саны 13,23 пайыз артты. 9 айда алдынғы жылмен салыстырғанда ең көп Ресейден келген турист саны артты. Ресейден келген турист саны алдынғы жылмен салыстырғанда 15,28 пайыз артты.  Артынан 12,43 пайызбен Германия,  16,05 пайызбен Ұлыбритания келеді. Осы елдердің артынан Болгария мен Иран келеді.



Ұқсас жаңалықтар