Албайрак инфляцияның 8 пайыз төмендеуін күткендерін айтты

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак инфляцияның ағымдағы айда 8 пайыз төмендеуін күткендерін жариялады

1298001
Албайрак инфляцияның 8 пайыз төмендеуін күткендерін  айтты

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак инфляцияның ағымдағы айда 8 пайыз төмендеуін күткендерін жариялады.

Малатияда іскерлермен бас қосқан министр Албайрак өсімдегі төмендеудің экономикаға болымды әсер жасағанын айтты.

Жаңа Экономикалық бағдарламаның болымды әсеріне назар аударған Албайрак өткен жылы 15.9 пайыз инфляция нысанасын белгілегендерін, биыл үшін бұдан төмен болатынын білдірді.

Министр Албайрак:

"Тұтынушы баға индексі 25.3 пайызға дейін көтерілген еді, бүгінгі өре 9.3 пайыз, қазанның соңында 8 пайызды көруді күтіп отырмыз" деді.

Берат Албайрак 2019 жылдың болымды өсумен аяқтауын күтудеміз деді.



Ұқсас жаңалықтар