Грузияға алғашқы жүк пойызы жолға шықты

Түркия мен Грузия арасында алғашқы экспорт пойызын Ерзурумда шығарып салды.

1241257
Грузияға алғашқы жүк пойызы жолға шықты

Түркия мен Грузия арасында алғашқы экспорт пойызын Ерзурумда шығарып салды.

Салтанатты жиынға ТР Мемлекеттік теміржолдар бас директоры Али Ихсан Уйгун, Грузия Теміржолдары бас директоры Дэвид Перадзе қатысты.

Бас директор Уйгун соңғы жылдары теміржолдары саласына жаһандық деңгейде үлкен инвестициялар салынғанын баяндап,  Баку-Тбилиси-Карс жобасының да өте маңызды екенін айтты.  Ол 2017 жылы қызметке берілген желі арқылы бүгінге дейін Түркия,  Әзірбайжан,  Қазақстанға жүк тасымалданғанын тілге тиек етті.

«Енді басталған Грузия рейсі келісімнің нәтижесі және алғашқы жемісі» деді ол.

Грузия Теміржолдары бас директоры Перадзе де «Бүгін – Түркия және Грузия үшін тарихи күн.  Жобаға еңбегі сіңгендерге алғыс айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар