Жапония шетелдік турист күтіп алуда рекорд жаратты

Жапонияда алғашқы жарты жылда шетелдік турист саны өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайыз артқаны білдірілді.

1237439
Жапония шетелдік турист күтіп алуда рекорд жаратты

Жапонияда алғашқы жарты жылда шетелдік турист саны өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайыз артқаны білдірілді.

Жапон хаабар агенттігі Киотоның Жапония Туризм офисі мәліметтерін негіз еткен хабарына қарағанда 2019 жылдың алғашқы 6 айында елге 16 миллион 630 мың шетелдік турист саяхатпен келген. Өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 4.6 пайыз артқан шетелдік турист саны ең жоғарғы өреге жеткен.

Шетелдік туристердің жұмсаған қаржысы да өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 8.3 пайыз артып 22 миллиард долларға көтерілген. Бұл санды мәлімет те өз саласының рекордын жаңалаған.

Қытай 11.7 пайыз үлесімен ең көп турист келген ел болған.

Жапония үкіметінің виза шектемелерін азайту, бағасы төмен әуежолдарының мүмкіндіктерін арттыру және қонақүй көлемін кеңейту сияқты қадамдарының туристің көбеюінде ықпалды болғаны білдірілді. 

Жапония Токио олимпиадалары мен Паролимпик ойындарына үй иесі болатын 2020 жылы шетелдік туристер санын 40 миллионға, жұмсалатын қаржыны 74 миллиард долларға көтеруді нысанаға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар