Шетелдіктерге сатылған үй саны артты

Түркия Статистика мекемесі маусым айының деректерін жариялады.

1237180
Шетелдіктерге сатылған үй саны артты

Шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саудасы артты.  Маусым айында өткен жылдың осы айымен салыстырғанда үй саудасы 30,5 пайыз артып, 2 мың 689 үй сатылды.

Түркия Статистика мекемесі маусым айының деректерін жариялады.

Осыған қарағанда,  шетелдіктерге тұрғын үй саудасында Стамбул бірінші орында.  Стамбулда шетелдіктерге 1009 үй сатылған.  Анталияда болса 668 үй, Анкарада 134 үй, Яловада 123 және Бурсада 122 үй шетелдіктерге сатылған.

Маусым айында Түркияда Ирак азаматтары 429, Иран азаматтары 415, Ресей азаматтары 190, Германия азаматтары 126, Ұлыбритания және Кувейт азаматтары 113 үйден сатып алған.



Ұқсас жаңалықтар