Тәжікстанның электр қуаты экспорты
Ел жарты жылда 24,3 миллион доллар табыс тапты.

Тәжікстан жылдың бірінші жартысында Өзбекстан, Ауғанстан және Қырғызстанға 1 миллиард 275 миллион киловатсағат электр қуатын сатты.
Тәжікстан Энергия және су ресурстары министрі Усманали Усманзаде елінің көрші елдерге сатқан электр қуатының өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,3 пайыз артқанын білдірді.
Усманзаде жылдың алғашқы жартысында Өзбекстан, Ауғанстан және Қырғызстанға 1 миллиард 275 миллион киловатсағат электр экспортталғанын айтты. Ел шетелге электр қуатын сатудан 24,3 миллион доллар табыс тапты.
Өткен жылы көрші Ауғанстан мен Өзбекстанға 77 миллион долларға электр қуатын сатқан Тәжікстан биыл осы елдерге барлығы 3,2 миллиард киловат сағат электр көзін сатуды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар

Тұтынушы сенім индексі 4 пайыз артты
Түркия статистикалық мекемесі қаңтар айына қатысты тұтынушы сенім индексін жариялады.

Түркияның техника экспорты 17,1 миллиард доллардан асты
Техника Экспортшылар Одағы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.