ТАНАП  1 шілдеден бастап Әзірбайжан газын Еуропаға жеткізетін күйге келді

Оңтүстік Газ дәлізінің ең ұзақ шеңбері Транс Анатолы Табиғи газ құбыр желісі ТАНАП  1 шілдеден бастап Әзірбайжан газын Еуропаға жеткізетін күйге келді.

1228153
ТАНАП  1 шілдеден бастап Әзірбайжан газын Еуропаға жеткізетін күйге келді

Оңтүстік Газ дәлізінің ең ұзақ шеңбері болып табылатын Транс Анатолы Табиғи газ құбыр желісі ТАНАП  1 шілдеден бастап Әзірбайжан газын Еуропаға жеткізетін күйге келді.

ТАНАП-тан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ардаханның Пософ ауданынан Түркияға кірген және 20 уәлаят, 67 аудан мен 600 ауылдан өткеннен кейін Едирненің Ипсала ауданынан Еуропаға жалғанатын мың 850 километрлік құбыр желісінің жұмысы аяқталды.

ТАНАП 1 шілдеден бастап Әзірбайжанның Шах Теңіз-2 мұнай алаңынан шығатын табиғи газды Түркия мен Грекия шекарасындағы Транс Адриатика Табиғи Газ құбыр желісі ТАП-қа жеткізуге дайын күйге келді.

ТАП-тың жұмысы айқталғаннан кейін Әзірбайжан газы келесі жылдан бастап Еуропа базарына жетеді. 

Осылайша Түркия мен Грекия шекарасындағы ТАП пен бірлескен ТАНАП  Түркия, Орта Шығыс және Еуропаның ең ұзақ және ең кең көлемді табиғи газ құбыр желісі атағына ие болды. 

Мөлшермен 7 миллиард долларлық инвестициямен тамамдалған ТАНАП-тан Түркияға сауда газын 2018 жылы 30 маусымда жолдай басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар