Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі артты

Министр Варанк Ұлыбритания халықаралық сауда министрі Лиам Фокспен кездесті.

1220887
Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі артты

Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі артты.

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемінде өткен жылмен салыстырғанда 15 пайыздық арту болғанын білдірді.

Министр Варанк Ұлыбритания халықаралық сауда министрі Лиам Фокс және оның басшылығындағы делегациямен кездесті.

Түркия мен Ұлыбритания арасында көптеген салада жүргізілген ынтымақтастығына риза болғанын баяндаған Варан екі ел қарым-қатынастарының барған сайын күшейгенін атап өтті.

Варанк Ұлыбританияның Түркияның ең көп экспорт жасаған 2-ші, ең көп импорт еткен 8-ші ел екенін еске салды.

Министр Варанк «Түркия мен Ұлыбритания арасындағы сауда көлемі өткен жылы 18,5 миллиард деңгейінде еді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 15 пайыз артты» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар