Түркия 5 айда 444 миллион доллардан астам су өнімдерін экспорт етті

Түркиядан биыл қаңтар-мамыр айлары арасында 85 мың 418 тонна су өнімдері  экспорт етілді.

1219335
Түркия 5 айда 444 миллион доллардан астам су өнімдерін экспорт етті

Түркиядан су өнімдері және экспорты ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 10 пайыз артып, 444 миллион 784 мың 396 долларға жетті.

Түркиядан биыл қаңтар-мамыр айлары арасында 85 мың 418 тонна су өнімдері  экспорт етілді. 

Түркиядан аталмыш мезгілде мұздатылған балық және балық еті экспортында Голландия алдыңғы қатарды иеледі. Италия екінші, Жапония да үшінші орында тіркелді. 

Түркиядан алғашқы бес айда Голландияға 10 мың 169 тонна су өнімдері экспорт етіліп, 61 миллион 174 мың 359 долларлық пайда түсті.

Аталмыш мезгілде Италияға 49 миллион 637 мың 723 долларлық, Жапонияға 38 миллион 563 мың 956 долларлық су өнімдері сатылды.

Осы кезеңде өткен жылғы ұқсас мезгілде экспорт жасалмаған Перу, Буркина-Фасо, Мальдив аралдары, Жаңа Зеландия, Дубаи, Нигерия және Малайзия елдеріне де су өнімдері экспорты жасалды. 



Ұқсас жаңалықтар