Болгарияның Пловдив қаласынан Едирне қаласына пойыз қатынады

Болгарияның Пловдив (Филибе) қаласынан Едирне қаласына пойыз сапары басталды.

1212564
Болгарияның Пловдив қаласынан Едирне қаласына пойыз қатынады

Болгарияның Пловдив (Филибе) қаласынан Едирне қаласына пойыз сапары басталды.

Пловдивтен сағат 08.40-та қозғалған пойыз Димитровград, Свиленград және Капыкуле стансаларынан өтіп, сағат 12.20-да Едирне пойыз стансасына жетеді.

Едирне пойыз стансасына келген жолаушылар суретке түсірген журналистерге вагоннан сәлем берді. 

Едирнеден Пловдивке қайтатын пойыз сағат 17.00-де жолға шығады. 184 километр жол басатын пойыз Пловдивке сағат 21.15-те жетеді.

Сенбі және жексембі күндері ұйымдастырылатын сапарларда белет құны бір кісіге 6.86 және 10.36  еуро арасында сатылады.

Болгариядан келген жолаушылар сапарларының тамаша өткенін баяндады.

Жолаушылар: "Жазғы кезеңдерде шетелде тұратын түріктер шекара қақпаларында ұзақ уақыт қатарда тұрады, кеден басқаруы да қатаң. Пойызбен қиналмай келеміз, кеденде тоқтамаймыз, жақсы жоспар болыпты" десті.  



Ұқсас жаңалықтар