Солтүстік Ағым-2 жобасының 48 пайызы аяқталды

Газпром 1170 километрлік құбыр төсеу жұмысын аяқтады.

1196080
Солтүстік Ағым-2 жобасының 48 пайызы аяқталды

Солтүстік Ағым-2  жобасының 48 пайызы аяқталды.

Ресейдің энергия компаниясы Газпром Солтүстік Ағым-2  табиғи газ жобасының 48 пайызына дөп келетін 1170 километрлік құбыр төсеу жұмысын аяқтады.

Бұл туралы Газпром хабарлады.

Жоба құрылысының жоспарланған күнтізбе бойынша жалғасқаны білдірілген хабарламада: «Газпром Солтүстік Ағым-2  табиғи газ жобасының 48 пайызын қалыптастырған 1170 километрлік құбырды төседі» деп айтылды.

Жобаның жалпы құны 10 миллиард евро болады деп жоспарланды. Жоба арқасында жылына 55 миллиард текше метрлік орыс газы Балтық теңізі арқылы Германияға айдалады.

Америка Құрама Штаттары,  Украина, Польша және Балтық елдері құрылысына қарсы шыққан жобаның серіктері арасында Газпроммен бірге Shell, OMV, Engie, Uniper және Wintershall компаниялары орын алуда.

Газпромның өткен жылы Еуропаға сатқан 194,4 миллиард текшеметрлік газының 30 пайызы Украина арқылы жеткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар