Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары  Малайзиямен 10 ынтымақтастық келісімін жасасты

Түрік қорғаныс өнеркәсібі  өнімдері 26-30 наурыз арасында LIMA 2019 жәрмеңкесінде көрмеге қойылды.

1174310
Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары  Малайзиямен 10 ынтымақтастық келісімін жасасты

Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары Langkawi Халықаралық Теңізшілік және Авиация жәрмеңкесінде (LIMA 2019) малайзиялық компаниялар және ұйымдармен 10 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі  өнімдері 26-30 наурыз арасында LIMA 2019 жәрмеңкесінде көрмеге қойылды.

Президенттік сарай Қорғаныс Өнеркәсібі министрі Исмайл Демир, Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Мухсин Дере, Түркияның Малайзиядағы өкілетті елшісі Мерве Сафа Кавакчы және Түрік қорғаныс өнеркәсібі компанияларының лауазымдылары қатысқан жәрмеңкеде Малайзия ұйымдарын қамтыған барлық қатысушы ел өкілдерімен  жоғары дәрежелі кездесулер өткізілді.

Жәрмеңке тек кәсіп саласындағы мамандарға ашылған алғашқы үш күнде Түрік компаниялары малайзиялық кампаниялар және ұйымдармен 10 ынтымақтастық құжатына қол қойды. 

Келісім мәтіндері зымыран жанармайлары, жарылғыш заттар саласында технологияны бөлісу, ортақ өндіріс,түрік компаниялардың Малайзияда кеме және паром жасау қатарлы салаларды қамтиды.  



Ұқсас жаңалықтар